Өлең, жыр, ақындар

Жас кезімде қайратты едім

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 947
Жас кезімде қайратты едім, бәріне де керек ем,
Дәрежем де тең болатын ел билеген төремен.
Айқайлатып гармонымды құйқылжыдым тойларда
Қатарыма ап сұлу қызды ләззатына бөлеген.
Таңғы шықтай мөлдіреген тап-таза еді көңілім,
Желден жүйрік жүйіткитін арман деген көлігім.
Қолпаштаған айналама мақтанышпен қарап ап,
Дәл осылай тұратындай көрінетін өмірім.
Білінбейтін кедейлігім, жан анамның жоқтығы,
Жастық шақтың алып ұшып алаулатқан от күні.
Төлегеннің жырын оқып, Шахановқа еліктеп,
Бұл дүниеде жалғыз мен ем бір Құдайдың тоқ құлы.
Уайымы жоқ еске түссе қызық күндер кешегі,
Бүкіл санам жас-өзеннің жағасына көшеді.
Қос бұрымға оралатын балғын денем уылжып,
Жер бетінің рахаты – сұлу қыздың төсегі.
Тар төсекте тек екеуміз, бір адамға айналып,
Қалатынбыз махаббаттан тіл-ауызмыз байланып.
Ал таңертең бәйге атындай тұратынмын жұтынып,
Келер түннің қызығына, ләззатына сайланып.
Қызу қаным осылайша атой салған денемде,
Мініп алып құстай ұштым үміт деген дөненге.
Менсіз тойлар өтпеуші еді біздің туған ауылда,
Менен жүйрік ешкім де жоқ әнге және өлеңге.
Сәмбі талдай солқылдаған қыздар мені тербеткен,
Талайына қолым жетпей кетті соның шөлдеткен.
Бүгін, міне, соның бәрін жоғалттым да, шатастым,
Есі шыққан кемпірдейін тіні шыққан өрмектен.
Бүгінде тек қиял ғана жұбатады санамды,
Өлең жазып кейбір кезде тырнап алам жарамды.
Ешнәрсеге көңлі толмай әйелім де жекірер,
Қайратымда кеміп кетті, алдым бұлдыр, қараңғы.
Отырамын өткенді еске ап, ыңылдаймын оңаша,
Енді қайтем жастығымды зұлым уақыт тонаса.
Алдым аяз, айла-амал жоқ, қалтыраймын еріксіз,
Қыздар құшқан денемді кеп күздің желі ораса.

8 қыркүйек, 2006 жыл.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әкемді еске алып...

  • 0
  • 0

Түсіме кірші менің, кірші менің,
Мен-дағы тіршіліктің дүрсілі едім.
Неге сен алыстадың менен, әке,
Жанымды жалғыздық жеп күрсінемін.

Толық

Әзіреті Қаратау

  • 0
  • 0

Әзіреті Қаратау
Шаңырағы Тұранның,
Шоқылары ербиген,
Құлағындай құланның,

Толық

Көп болды, компьютерге отырмадым

  • 0
  • 0

Көп болды, компьютерге отырмадым,
Өлеңнен кесте болып тоқылмадым.
Балдардың нәпақасын айырам деп
Ертелі-кеш әрнені қоқымдадым.

Толық

Қарап көріңіз