Ақ толқындар шулайды – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Ақ толқындар шулайды» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2173
Басты еңсені қалың ойлар — қорғасын,
Ұзақ жолдар сапарласым, жолдасым.
Россияның тәңірі болған — Петрдің,
Көріп тұрмын тақ пен тәжін, ордасын.
Сан алуан суық қолдар сұғанақ,
Сан алуан көздер тұр ма сығалап.
Паңданады бәріне де мән бермей,
Жазғы сарай, Фин қойнауы, шығанақ.
Ісіне де, күшіне де сенесің,
Дауыл ұйтқып теңселте ме кемесін.
Талқан еткен қараңғылық қақпасын,
Ашу емес, ақылыңмен жеңесің.
Қанаттары күн нұрына шағылып,
Шағалалар шаңқылдайды ағылып.
Ақ толқындар жарды құшып шулайды,
"Патшалардың патшасына" табынып.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері