Жазғы аспан – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Жазғы аспан» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.09.2018
  • 0
  • 0
  • 4879
Жадырайды, жаудырайды жазғы аспан,
Ақша бұлттар баурайында қаз басқан.
Алдым заңғар жолы жатыр бұралаң,
Таймау үшін келем көзді жазбастан.
Төгеді кеп мол арайын шаңқай түс,
Ұмтылдырған мені ілгері бардай күш.
Жүгіремін өкпем өшіп ілгері,
Үзбе тағдыр, жолым қашық жалғай түс.
Албырайды ашық аспан ақшамда,
Сұлу дүние ұқсайды сыр ашқанға,
Шүйке бұлттар саусағындай шебердің —
Өрнек салып бара жатыр аспанға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері