Өлең, жыр, ақындар

Он екі жылдық туралы ода

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1178
Бұл қазақтар зейінді
Аудармаған оқуға.
Қыздар, бірақ, бейімді
Алаша, кілем тоқуға.
Ұлдары ше, ұлдары,
Жастайынан жан бағып,
Жайлауына қырдағы
Кететұғын мал бағып.
Сөйтіп жүрген қазақтың
Қараңғылығы басылып,
Келіп жеткен «азат күн»,
Мектептері ашылып.
Бойкүйездік билеген
Қазақтарға алайда,
Сөмкелерін сүйреген
Он жыл оқу оңай ма?
«Он бесте отау иесі»
Деген мәтел бар еді.
Қыздарға болды тиесі
Сол мәтелдің әлегі.
Көбісі көнбей сүйеуге,
Куәлікті күтпей-ақ,
Қашып жатты күйеуге,
Онжылдықты бітпей-ақ.
«Тоқал ешкі Құдайдан
Сұраймын деп мүйізді,
Айрылыпты былай да,
Құлағынан тиісті».
Дегендейін, мектептер
Он бір жылға көшкенде,
Қыздар түгіл еркектер
Тана жаздаған естен де.
Жігіттерге мұрт шығып,
Қыздардың төсі өскенде,
Не пәле деп жұртшылық,
Қолдамаған еш пенде.
Жаңа ғасыр орныға,
Жасап отыр жаңа заң.
Он бір жылдың орнына
Он екі жылды қалаған.
Япырмай-ау, ол кезде
Жиырмаға жас жетеді.
Мектептегі ұл-қыздар
Қосылмағанда не етеді?
Олай десе өкімет,
Ішінен-ақ мектептің
Беретұғын декрет
Қуанышты жетпек күн.
Барлық жағдай қаперге
Алынуы керек қой.
Перзентхана, пәтер де
Салынуы керек қой.
Дертхана да емхана
Болса мектеп ішінде,
Бағдарлама тез ғана
Кірер еді күшіне.
Жиырма миллионға халықтың
Толар еді саны да.
Президентті анық бұл
Қолдауымыздың қамы да.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күнбағыс

  • 0
  • 0

Таңертең де, түсте де
Күнге бетін бұрады.
Тостағанын кішкене
Тосады да тұрады.

Толық

Арина

  • 0
  • 0

Аңсаған арманым, Арина,
Ырзамын өмірде барыңа.
Кездестім өзіңмен мен алғаш
Көрікті көктемнің таңында.

Толық

Сыйлық пен бұйрық

  • 0
  • 0

Асыра орындап жоспарын,
Сыйлығын жуды Қошқарың.
Сіміріп қызыл, ағыңды,
Алдымен өзі қағынды:

Толық