Бұл бетте «Аяр досқа» атты bagilaesenbaeva жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Дос едік қыл өтпестей сырласатын,
Күлкімен түндер таңға жалғасатын.
Ойламай жүре бердік сенімге нық,
Кім білген көңіл жігін мұң басатын.
Жат көздей сәлем салқын өте бердік,
Жүрек сыздап кеткендей бәрі жеріп.
Бұрынғы дос көңілден із қалмаған,
Апырай, алданғанмын қалай сеніп.
Ақкөңіл пейілімнен арылмадым,
Ауырмай тек есімнен жаңылғаным.
Өз досым болды өзіме дұшпанымдай,
Байыз таппай о, тоба сабылғаным.
Жұдырық жүрегімде дық қалғандай,
Осынша аяр ма едің о, сормаңдай.
Күлкіңмен тек ішіме кіріп алып,
Тау қопарыс жасадың таң қылғандай.
Жағынып, күн түскенде мені таптың,
Көңіліме шамшырақ боп шоқты жақтың.
Сезім-көлде құйындай дауыл тұрып,
Күн өтпей-ақ шындықтың дәмін таттым.
Зұлымдықтан аулақ бол, достым менің,
Өткінші сезім күйін өткермегін.
Ертерек құтылғаным тәуір болды,
Сабақ болар өзгеге айдай керім.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі