Қамидан – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Қамидан» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2020
  • 0
  • 0
  • 942
Өлген соң арыстаннан тышқан артық,
Ақылсыз, ақымақ достан а-ай, дұшпан артық.
Қолына кей наданның түссе алтын,
Жасытар бабын таппай, а-ай, мыстан артық.

Жігітке берер пайда адал кәсіп,
Жалғанда адал кәсіп а-ау, берер нәсіп.
Арқаның тауы биік, жері дала,
Ән салсам, осы әнге сал, а-ай, ей бозбала.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері