Шіркін ән – Гүлжауһар Сейітжан

Бұл бетте «Шіркін ән» атты Гүлжауһар Сейітжан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.09.2021
  • 0
  • 0
  • 692
Әні Марат Ордабаевтікі

Шықпайтұғын ешқашан сұлулықтың ырқынан,
жүрегіңді сәнімен сырлайтұғын, шіркін, ән.
Бар ұрпақтың табынар тәңірісі бола алған,
Әйгерімге Абайды ғашық қылған сыртынан.
Асыл болса шынымен көрмеген ол бірде оңып,
шашасына шаң тұрып, тырнағына кір қонып.
Келе жатыр ежелден жүректермен сырласып,
келе жатыр ежелден махаббатқа пір болып.
Сұлу сазы тербесе жан тебіренген, шіркін, ән
жалғыз ауыз сөзіне астар болмас қырық ұран,
«Ән көңілге ажар» деп қастерлеген өнерді
айналайын данышпан қазағымның ғұрпынан...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері