Ескерткіш түбіндегі ой – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Ескерткіш түбіндегі ой» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.08.2018
  • 0
  • 0
  • 2301
Совет Одағының Батыры Төлеген Тоқтаровқа

Келемін мен кенді алқапты аралап,
Кілем түстес құлпырады бар алап.
Керіледі кербез сұлу шыңдар да,
Паң кеудесін жатқандай бір ән орап.
Төне түсіп шоқысына Алтайдың,
Төгеді кеп шұғыласын шаңқай күн.
Үн қатады дыбыс шықса тау тұтас,
Дей ме ұлын: "күте-күте қартайдым".
Сарған жол қарашықты талдырып,
Сұрапыл жыл өткен табын қалдырып.
"Төлеген" деп, күбірлесе бір бұлақ,
Жартас біткен қайталайды жаңғырып...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері