Өлең, жыр, ақындар

Пайдасы мен зияны

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2516
Жекеменшік машинам бар білгенге,
Желдей жүйткіп жүргенде,
Рахат-ау мінген де.
Бірақ, бірақ, ағайындар зиялы,
Көбірек-ау пайдасынан зияны:
Пайдасы сол –
Асфальтты жол
Болып тұрса үнемі,
Машина ұшқыр жүреді.
Барам деген жеріңе барасың,
Алам дегеніңді аласың.
Жететін жеріңе жетесің,
Кетемін десең, кетесің.
Ал, зияны асып жатыр басыңнан,
Басыңдағы шашыңнан.
Өзің шәймен жүресің,
Машинаң маймен жүреді.
Демек, өзіңе шақша керек,
Машинаңа ақша керек.
Сына қалса керекті бір бөлшегі,
Таптыртпай ол, түсіреді еңсені.
Көре қалсаң, көкесінің құнын сұрайды,
Он есе пұлын сұрайды.
Қағылып барлық тиының,
Түзелмей күйі үйіңнің,
Бүтінделмейді-ау киімің.
Бәрінен сол қиыны,
Дос-жаранның дүйімі
Бұл жағдайды түсінбейді,
Сені мықты пішімдейді.
Туысың туыспын деп келеді,
Өзіңе жуыспын деп келеді.
Бір жерге барып келейік дейді,
Барып келесің.
Бір нәрсе алып келейік дейді,
Алып келесің.
Бара алмасаң, туысың безіп кетеді,
Еңсеңді езіп кетеді.
Досың доспын деп келеді,
Бүгін боспын деп келеді.
Бір жерге барып келейік дейді,
Барып келесің.
Бір нәрсе алып келейік дейді,
Алып келесің.
Бара алмасаң, досың безіп кетеді,
Еңсеңді езіп кетеді.
Дөкейлер шірене келеді,
Билігіне тірене келеді:
Бір жерге барып келейік дейді,
Барып келесің.
Бір нәрсе алып келейік дейді,
Алып келесің.
Шалдығып талып келесің.
Кейде қолың тимей қалып,
Не машинаң жүрмей қалып,
Бара алмасаң – біткенің,
Еш жақсылық күтпегін:
Тас түйіліп қабағы,
Нысанаға алады,
Кез келген жерде аяғыңнан шалады.
Сөйтіп, машинаның қорлығы өтпеді ме?
Ақыры сатып құтылдым өткеніне.
* * *
Қазіргі күнім – билетім бес тиындық,
Көріп жүрген жоқпын еш қиындық.
Баратын жерге автобуспен-ақ барамын,
Қайта алмасам, сонда қонып қаламын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Біздің күрес

  • 0
  • 0

Мынау өмір күрестерден құралған,
Күрестермен орындалған ұлы арман.
Қан төгілген топырақтан – құнардан
Қызғалдақтар бойын түзеп, бұралған.

Толық

Мұсылмандық белгісі

  • 0
  • 0

Айтайын, достар, сырымды,
Сырымды емес, шынымды.
Мінеки, жаным, иманым,
Мінеки, барым, жиғаным.

Толық

Шынын айтсам

  • 0
  • 0

Сынға болмай төзімді,
Мақтау күткім келмейді,
Ашпай тұрып көзімді,
Ақтауды ұққым келмейді.

Толық

Қарап көріңіз