Өлең, жыр, ақындар

Ай көрдім, аман көрдім

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1841
«Ай көрдім, аман көрдім,
Бұрынғыдай заман көрдім...»
Бұрынғыдай бұлт оранып,
Заманаға таман келдім.
«Бұрынғыдай заман көрдім...»
Түлеген бір қоғам көрдім.
Әлі қазақ бола алмай жүр
Серкелері жарамды елдің.
«Ай көремін, аман көрем»,
Пейілсіздеу адам деген.
Бай мен кедей жуыспаған
Қыз ойнайды харамменен.
«Ай көремін, аман көрем»,
Сандалады санамда өлең.
Желтоқсанның жаңғырығы,
Таласып тұр заманменен.
«Ай көрдім, аман көрдім,
Бұрынғыдай заман көрдім...»
Құл болудан құтылғым кеп
«Желтоқсанға» таман келдім.
Қан сасыған алаң көрдім,
«Қазағым!» деп аранда өлдім.
Амалы жоқ, айласы жоқ,
«Ереке тоқты» - балаң менмін.
Жарылқасаң, жарылқа Алла,
Бодау болмас арым қанға,
Шын есірке, қараң қалсын
Қарқылдаған қалың қарға.
Қашанғы мен қайғы емейін,
Аман - сен Ай көрейін...

20. ХІ, 2006 жыл.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ей, қара түн

  • 0
  • 0

Ей, қара түн,
Айтшы маған ақтығын,
Мен осынша зарға қамап тапты кім?
Кінәлі деп айтайын ба шешемді,

Толық

Мен емес ем өмірден безер кісің

  • 0
  • 0

Мен емес ем өмірден безер кісің,
Жігеріме қылышын кезеңді сын.
Мұң сыйлаған мезеттер миды шақты,
Қарлығаштар, қалімді сезермісің?

Толық

Қазығұрт

  • 0
  • 0

Бабалардың ізінен
«Алла» деп бір ерейін,
Бүлкілдесін көмейім,
Сөз маржанын терейін,

Толық

Қарап көріңіз