* * * – Жүрсін Ерман

Бұл бетте «* * *» атты Жүрсін Ерман жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.04.2020
  • 0
  • 0
  • 6193
Тағдырдың болмаған соң қожасы адам,
Бермейміз ертелі-кеш маза саған.
Басымды тауға да ұрдым, тасқа да ұрдым–
Бармақтай бақ берші деп, о, жасаған!
Бармақты қазақ өзі тапқан ба ойлап,
Берді Алла бармақ түгіл, батпандай бақ.
Басыма қонған бақты үркітіппін
Беліме шамам келмес шоқпар байлап.
Шарықтап қиялымның ұшқан құсы,
Төгілді маңдайымнан мыс тамшысы.
Бүйірден мезгіл-бақсы иіргенде
Алтын боп асығымның түсті алшысы.
Болам деп жылқылы бай, ақшалы бай,
Обал– ау тілемсек боп жатсақ ұдай.
Көзіме қанағатсыз құм құйылар,
Ынсап бер пейіліме, патша құдай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері