Өлең, жыр, ақындар

Көбелектің өмірі

Көбелек сондай сүйкімді,
Әр көрген адам сүйсінді,
Кіп-кішкентай түрлі-түсті ол жәндік,
Ыстағысы кеп әр адамың ұмтылды.

Құрт болғанда ешкім оны менсінбеді,
Тек құстар оны азық қылғысы келді,
Әлем танығысы келген бала ғана бір қарап,
Одан басқа оған ешкім көңіл бөлмеді!

"Өмір ма бұл?" деп құртың жылады,
"Бір дәу қарап, енді біреуі азық қылады!"
Жаманнан, жақсылыққа ұмтылды,
Жібекке оралып бәленбай уақыт ол жатты!

Күнге-күн қосылып, айлар өтті,
Бала ғана оны қарай ұзақ күтті.
Тазалыққа құстардың қарны ашты,
Уақыты келгенде жібектен қиналып шықты.

Әне, қара сонша уақыттан кейін шыға келді,
Бала, орман, гүлің "Билеші! " деп айта берді!
Сұлулықсыз бұл өмірде қиын-ақ!
Сұлу болу үшін бар өмірін сарп етті!

Сол сүйкімді көбелектің өмірі бірақ күн,
Ойлайды "Менікі дұрыс па? " деп бірақ түн,
Бір күндік би үшін бар өмірі зая кеткен,
Неде болса, құп көрмеді, ол бұрынғы өмірін!

Жаманнан, жақсылыққа ұмтылу,
Өміріңді өзің үшін өзгерту,
Өзіңе қолайлы орта жасау,
Бақытты өмір үшін тым қиын ба?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз