Жастық шақ
Өтсең де ең бақытты кезден сан мейлі,
Ол шақты түрлі ойлар басып кез кермейді.
Өткенді ешқашан да сағынбаңдар адамдар
Бәрі-бір ештеңе де артқа қайтып келмейді...
Тоқтатуға тырыссаң да көнбейді ме ой?
Түсінемін жақсы естеліктер өлмейді ғой!
Өткенді сыздап іздемеңдер ей, адамдар,
Ол енді бәрі-бір қайтып келмейді ғой!
Түсініксіз күйге түстім мүлде,
Білсем ғой шіркін өмірдің мәні неде?
Сұрасам адамдардан әртүрлі жауап берер,
Әлі күнге білмеймін қайсысына сенеріме!
Егер сенсем, жүрсем олар салған соқпақпенен,
Кім кепілдік бере алады дұрыс жолда жүргеніме?
Қалайша әлі күнге білмеймін мен?
Үлкендіктің сатысына келгеніме?!
Білдім ер жеткенімді дәл бүгін,
Сағынамын балалықтың әр күнін,
Бұрынғыша үлкендер сипамады басымнан,
Білді оларда, мен олардан озғанын!
Балалықты келіп тұрат қозғағым,
Балалықта қандай қызық болғанын,
Айтып, жазып өзгелерге тұрсамда,
Аңсап тұрам балалықтың әр шағын!
Балалықты аңсағаннан не шығады?
Жанарыма еріксіз жас тығылады,
"Не болды шырақ?" деп жақсылар айтқанменен,
Басымды оң, солға шайқар қана қоямын.
Түсінемін балалықтан тек естелік қалғанын,
Өткендермен тек айтып, күліп қана қоярын,
Қоюым керек балалықты енді мен,
Түсінемін қатты қиын соғарын!
Әр істің қайыры болар өзін де,
Бос мұңмен бұл өмірден түңілме,
Осы күнді аңсамдым ғой көптен мен,
Не болды енді, қуансаңшы енді сен?!
Қуанамын, қуанбай қайда барам?
Үлкендіктің сәттерінен шабыт алам,
Екінші кезеңді бастағалы жатырмын,
Жақсылықты бұйырса көптеп жазам!
Күнделікті күйбе, тірлік, қозғалыс,
Демалыс бос болудан күндерім енді алыс,
Демалмау керек деген сөз емес,
Жетістікке жеткенде болады сонда демалыс!
Адамның көңілінен шығу мүмкін емес,
Бірақ көңілінен шығу керек деген сөз емес,
Өйткені сен ер жеттің үлкен болып,
Үлкендерден енді бұрынғыша көмектеспес!
Дарияның жарға соққан толқынындай,
Жастық шағым, өйтіпті ғой қап-байқалмай,
Балалыққа әбден дағы тояр едім,
Әтең, қу-уақыттың жылдамын-ай!
Көңілімнен кетіп жазым, келіп күз,
Балалықты кетпейтіндей көріппіз.
Әне өсемін, міні өсемін деп жүріп,
Осы жылы 20-ға да келіппіз...
Уақыт деген өтеді екен,
Қол жеткізбей кетеді екен байқалмай
Балалықты өткізем деп,
Жетеріне жеткіздім деп айталмай
Жан дүнием сыздатқан сағынышпен,
Мен осыны қаладым ба?
Мен осында қаламын ба?
Балалыққа қайта алмай?
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі