Өлең, жыр, ақындар

Тұтас

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 565
Есімде... профессор ділмар Фатов
КАЗПИ-де лекциясын алға тартып,
Сөйлесе, ұйып тыңдап бір жас шәкірт
Тұғырға қонақтаған құстай қатып,
Өрнегін поэзия ойға тоқып,
Төңкеріп тұйғын көзін жарқылдатып,—
Шұқшиып арамызда отыратын
Жыр жайлы хикаяны жаны ұнатып.
Көз тігіп еткен ізге ойлап тұрсақ,
Өңгеріп үш он жылды өтіпті ол шақ...
Тіл қатып сонда осы тұстасыма:—
«Жөн болар өлең жазбай тұра тұрсақ,
Самғауға қаламгерлік дарын таңдар»,—
Десем мен, бұрқ етіп ол, жалт ете қап,
Шырқауға шамырқана шарт қойғандай,
Кететін шатынап та мінезі шарт!..
Тап осы тұстасымды өскен бірге,
Демеңіз шәкірт болып әлі жүр ме?—
Жоқ, кәзір шәкірт емес, шәкіртке ұстаз,
Шыңдарға қақты қанат түріп ірге,
Қолында профессор, ақын деген
Паспорты бар, беріспес бірме-бірге.
Жол беріп маңдайына шашы, бәлкім,
Селдірлеу тартқан, әлде келді елуге?!
Самғаумен сатылардан сатыларға,
Ақындық, профессор атын ала
Елуге егеу кеуде еркін жеттің,
Еңкеймей, жүйткі тұстас батыл алға!
Тағы да қаламыңнан жүлде күткен
Жарқ етіп шыққан «Біржан» сахнаға.
Сен жазған махаббатпен достық жырдың
Ел тосып эпилогын отыр алда.

1957



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Табыт

  • 0
  • 0

Тоқсандағы Фаруқ шал
Ұйқыдан бір күн оянып.
Қолымен басын сүйеп сәл,
Отырды ұзақ ойланып.

Толық

Еңбек сүйгіш жеңешем

  • 0
  • 0

Білегін әппақ түрініп,
Үй жұмысын істеген,
Тап-таза боп үрініп,
Үстіне шаң түспеген.

Толық

Алтын ұя

  • 0
  • 0

Бойшаң біткен бәйтеректі,
Я, шатқалаң шыңды тасты
Мекен етіп ұя салған
Көруші ем мен қарлығашты.

Толық

Қарап көріңіз