Гүл-гүл жайна – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Гүл-гүл жайна» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.11.2019
  • 0
  • 0
  • 10474
Гүл-гүл жайна, күл де ойна
Қыз-бозбала шағыңда.

Өте шығар дүние қас қағымда,
Ойнап, күлген жарасар жас шағыңда-ай.
Орамыңның барында ойна да күл,
Тұра бермес бұл жастық баяғыдай-ай.

Қайырмасы:

Қыздар да қыздар бар жарылмаған қауыздай,
Жігітте де жігіт бар тонның ішкі бауындай.
Ай-хой, гүл-гүл жайна, күл де ойна
Қыз-бозбала шағыңда 2 рет.

Ай болмаса аспанда - адасады.
Көтермесең көңілді кір басады-ай.
Жақсылардың көңілі алтын сандық,
Кілт болмаса сандықты кім ашады-ай.

Қайырмасы:

Қыздар да қыздар бар жарылмаған қауыздай,
Жігітте де жігіт бар тонның ішкі бауындай.
Ай-хой, гүл-гүл жайна, күл де ойна
Қыз-бозбала шағыңда 2 рет.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері