Ертісім – еркем – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Ертісім – еркем» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ән келеді Ертістің жағасынан,
Таң келеді тербеліп даласынан.
Ақ айдыннан тұрады жүзін өріп,
Ақ сарайлар ақша бұлт арасынан.

Қайырмасы:
Ертісім-еркем,
Таулары көркем,
Баулары жұпар –
Туған өлкем!

Мұнаралар аспанның тіреуіндей,
Балғын дала арудың іреңіндей.
Күмбірлейді кеудесі Керекудің
Соғып тұрған Арқаның жүрегіндей.

Қайырмасы:

Білем саған, қалқатай, жан жетпесін,
Тау балбырап, көл толқып, тал көктесін,
Қол ұстасып екеуміз бір шырқайық,
Баянтаудың басынан ән кетпесін!

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері