Геологтар әні – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Геологтар әні» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Шалқар дала, шың-құздармен
Біздер біргеміз.
Түнде жарық жұлдыздармен
Сырласамыз біз.

Қайырмасы:
Геологтар – арман қосқан
Ақ көңілді адал достар.
Айнымайтын, айрылмайтын –
Геологтар, геологтар.

Шалғай өңір, шатқалың да
Жолды бөгемес,
Аязың да, аптабың да
Бізге сөз емес.

Қайырмасы:

Кен іздейміз даламызға,
Соқсын, соқсын жел.
Анамыз да, саямыз да,
Туған Отан, сен!

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері