Әлемде қазір бір ән бар – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Әлемде қазір бір ән бар» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тұрса да заңғар биікте,
Оранып жасыл бауларға.
Қарайды бізге үмітпен
Мәңгілік асқар таулар да.

Қайырмасы:
Әлемде қазір бір ән бар
Қосылып айтар ұландар.
Ананың арман-тілегін,
Баланың балғын жүрегі,
Бәрінің жалғыз тілегі –
Тыныштық керек әлемге!

Жұлдыздар күнде елжіреп,
Жарқырап жанып аспанда,
Қарайды бізге мөлдіреп,
Қара бұлт кенет басқанда.

Қайырмасы.

Көктемде жайнап белеңдер,
Жұпарын шашып ауаға.
Оянып таңнан, елеңдеп,
Қарайды байтақ дала да!

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері