Өлең, жыр, ақындар

Арайлы Астанам

  • admin
  • 30.09.2024
  • 0
  • 0
  • 519
Аялап өсірдің, Алматым сүйіктім,
Аспандай мөлдірмін, асқардай биікпін.
Өзіңсің- көктемім, өзіңнен басқа бір
Қалауым жоқ менің, алаңым жоқ менің.
Әлдилеп жанымды желпиді самалың,
Көрмесем бір апта сағынып қаламын.
Ұшамын құс болып өзіңе, гүл бағым,
Асығып көргенше Алатау шыңдарын.

Қайырмасы:
Өзіңде гүлдедім, толқыдым, тасыдым,
Өзгеше мен үшін қадірің, асылым.
Оянып таңменен жүзіне қараймын,
Қараймын құмартып, Алматым арайлым.

Жырладым таң нұрын, жинадым тау гүлін,
Өзіңмен бірге өтті балауса бал күнім.
Тауынды шарладым, бауынды шарладым,
Құшақтап гүлінді, қияға самғадым.
Асқарға шықсам да, аспанда жүрсем де,
Тілегім - бір сенде, жүрегім - бір сенде.
Ән қылып шырқаймын, мәңгілік жас қалам,
Алматы – аялы, аяулы астанам.

Қайырмасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Найзағай

  • 0
  • 0

Айналып қызыл жалынға,
Қақ айырып қара түнекті,
Жарқ ете қалған шағында,
Жартастың төсі дір етті.

Толық

Айна көлім

  • 0
  • 0

Айна көлім -
Көгеріп көрінбейді айна көлім,
Көктем де желпімейді майда лебің.
Ағарып атқан таңдай қарсы алатын

Толық

Жиырма сегіз

  • 0
  • 0

Жиырма сегіз - Сағи Жиенбаев
Тастар көкке атылды,
Орман шулап, тау құлап.
Жиырма сегіз батырды

Толық