Өлең, жыр, ақындар

Ай тұтылған түн

  • 25.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1116
Эратодан бір тал үлпек үзілсе,
Жүрегіме қонатын!
Жерге тамып түсердей,
Үлп-үлп етіп соғатын!
Ессіздігін әрең ғана еңсеріп,
Бірде нүкте, бірде
әлем боп теңселіп,
Іздеуші еді
Жүрек сонда Қанатын!
Кеше сенің ауыр сөзің
күңірентті Аспанды...
Ай тұтылды!..
Үлпек емес, Эратоның көзінен
Ыстық-ыстық жас тамды!
Ай еріді!
Көтере алмай зілдей сөзін ғасырдың!
Сыймайтындай дөп-дөңгелек қалыпқа!
Ұлып тұрған жүрегімді жасырдым,
Балқып тұрған Жарыққа!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шексіздік

  • 0
  • 0

Дөңбекшітті мені ойлар,
Дөңгелеп кетейін бе?
Дәтім жетіп алдыңнан,
Тоқтамай өтейін бе?

Толық

Ілкі кезең

  • 0
  • 0

Шақырды түсімде ілкі түп.
Жұлдызды таяқпен үркітіп,
Кәдімгі,
Жалтармай жұтатын

Толық

Қалаға жауған қар

  • 0
  • 0

Қомсынып беймаза мекенді,
Қонады қалаға қар әрең.
Қызғанып қызбаған шекемді,
Тынысын тартады қала әрең!

Толық