Сөзтүкпір

Бұл бетте «Сөзтүкпір» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.09.2021
  • 0
  • 0
  • 751
Сөз еді...
Жанымның өзегі!
Ол жайлы сүйкімді естелік
Есімді кезеді.
Өтірік сезімдер,
Көшеде жалған күз.
Сөзі жоқ үн естіп,
Үрпиіп қалғанбыз,
Себебі біз кеше
Сөз дейтін тұлпарды
үркітіп алғанбыз.
Жұп-жұмыр жүрегім
Сөзсіз сан түңілді,
Ол барда сәуле едім,
Күн едім.
Сөз кеше тулады,
Содан соң сүрінді.
Жеткізбек болған ем
Жетімек сырымды,
Ешкімге керексіз
шынымды.
Сөзім жоқ болған соң,
Естімей қойды әлем
Меңіреу мұңымды.
Кие сөз көшіпті
Тұқымы қалмастан.
Біз жақта сөзсіздер
Ұйықтатып ұятты
Біреудің сөзінің
Жалына жармасқан.
Бетімнен шығарып отымды,
Тұлпар – сөз осы деп,
О, неткен қасірет!
Сөзсіздер
Мәстекті мәпелеп отырды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сөзтүкпір өлеңінің авторы кім?

Айнұр Төлеу — осы өлеңнің авторы.

Сөзтүкпір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сөзтүкпір өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айнұр Төлеу өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сөзтүкпір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері