Әгугай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Әгугай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.11.2019
  • 0
  • 0
  • 3394
Ортамызда Төлеген тұрды жорға, ахау,
Сүрінбей ме, боз жорға қазған орға, әгугай, әгугай.
Қыз-Жібекті ойласаң нең кетеді, ахау,
Орамалы тұрады бес жүз жорға, әгугай,әгугай.

А-а-ай,
Айың тусын оңыңнан.
Жұлдызың тусын соңыңнан.
Хабарсыз кетсең тым ұзақ,
Сансызбай шығар соңыңнан.

Арамызда Төлеген көп жыл өтті, ахау,
Нелер келіп бұл басқа, нелер кетті, әгугай, әгугай.
Арада қткен сегіз жыл сергелдеңде, ахау,
Хабар айтып жіберсең нең кетеді, әгугай, әгугай.

А-а-ай,
Қыз-Жібек енді келгенше.
Иіліп сәлем бергенше.
Даяр етіп қоялық.
Салдырып сарай өзгеше.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері