Өлең, жыр, ақындар

Күмбірлеп кеудем

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Күмбірлеп кеудем,
Күрмеліп тілім тұр неге.
Сыры көп сылқым,
Сыңғырламайсың жыр неге.
Егіліп түрып,
Төгіліп тұрып,
Жазғаным,
Жабырқау ғана бірдеңе.
Көңілдің көлін,
Аққу жыр, таппай жүрсің бе?
Сыбызғы үнің,
Қосылмай жүрек дүрсілге.
Құлаштап есіп,
Түйінін шешіп тастап сен.
Таста сен,
Айтарың болса іркілме.
Төгіліп төпеп,
Шабыттың шалқар шағында,
Қонғында келіп өзіңнің абат бағыңа
Туған ел қалай
Ақын деп сені ардақтар,
Ақ жарылмасаң алдында.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күмбірлеп кеудем өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Күмбірлеп кеудем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Күмбірлеп кеудем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күмбірлеп кеудем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері