Киев – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Киев» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1031
Жеті шоқы басында
Жез иықты Киев тұр,
Көк дауылдай астында
Днепр толқын ұрып тұр.
Жеті шоқы басында
Қыран иық Киев тұр,
Көкірегіне бас ұра
Каштаны гүл құйып тұр.
О басында қаланың,
Ағайынды үш жігіт
Тартыпты-мыс табанын
Тау тасынан күшті ғып.
Үш жігіттің туысқан
Қарындасы қыз Либедь
Қала жарын құйысқан
Деседі ару қызыл бет...
Киев шаһарын салысқан
Болса,- болар қыз көркем,
Қыздай қала алыстан
Көрінеді бізге ерке.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері