Жан әке

Бұл бетте «Жан әке» атты Айдана Боранбаева жазған әке туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Отбасымның тірегі бір өзіңсің, жан əкем,
Мұңаймасын ақ жүзің ешқашан да, жан əкем,
Ерке қызың ақтай алар өзің артқан үмітті,
Уайымдама, алаңдама біз үшін, жан əкем.
*********************
Қатал мінезің бойыңда көрінгенмен, жан əкем,
Мейірімділікті көзіңнен көргем сенің, жан əкем,
"Жалғыз қызым, еркем" деп маңдайымнан иіскеп,
Еркелетіп бағып қаққан бір өзіңсің, жан əкем.
*********************
Шашыңа ақ түсіпті байқап қалдым, жан əкем,
Қартаймашы, ауырмашы, аман болшы, жан əкем,
Сен-біз үшін əлемдегі гауһардан да қымбатсың,
Ортамызда күліп, ойнап жүре берші, жан əкем.
*********************
Анамнан кем емессің, сен бөлексің, жан əкем,
Қорған болған, қамқор болған бір өзңсің, жан əкем,
Еркетотай қызынның еркелігін көтерген,
Əкелердің əкесісің, сен-жақұтсың, жан əкем.
********************
Қатем болса көз жұмдың,үндемедің, жан əкем,
Бақытты болғанымды тіледің, сен, жан əкем,
Теріс қылық көрсетіп, кірбің шалсам егерде,
Кешіре гөр, аяй гөр перзентіңді, жан əкем.
*******************
Жеке меншік туған күнің құтты болсын, жан əкем,
Жүзге жетіп, бақытты өмір сүргін, жан əкем,
Ортамызда жүре бергей асқар таудай пана боп,
Тек бақытты өмір сүргің тіледім мен, жан əкем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жан әке өлеңінің авторы кім?

Айдана Боранбаева — осы өлеңнің авторы.

Жан әке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жан әке өлеңі не туралы?

Бұл шығарма әке туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жан әке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер