Бұл бетте «Мен – «ол» әйел емеспін» атты Қанипа Бұғыбаева жазған әйел туралы өлең берілген.
Мен – «ол» әйел емеспін,
Тағдырға мойын ұсынам.
Білмеске бұлдыр, елеспін,
Білгенге қыздай қысылам...
Адамды мұңдас, сүйіп мен,
Тербедім жанын жырға орап.
Құладым кейде биіктен,
Төменге қарай сырғанап.
Жоғалсын, кей дос, жоғалса,
Көзімен жеп, мені ішкен.
Аман келдім, о, қанша,
Ажалдан қағып «періштем».
Жапалақ жайлап бағымды,
Көңілсіз тартты тірлігім.
Жоғалып бәрі...
жанымды,
Жалғыздық билеп жүр бүгін.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі