Махамбетке арнау
Махамбет қазағым ның батыры еді,
Саңлағы еді, дауылпаз ақыны еді.
Сол қаһарыман батырлар арқасында,
Күннен күнге көркейіп жатыр елі.
Орақ ауыз,от тілді дүлдүліміз,
Исатайдың жолдасы,үздігіміз.
Отқа жанып,елі үшін суға түскен,
Ұмытпаймыз ақынды бұл күні біз.
Ол бастаған шаруалар көтерілісін,
Деп ойлаған,қазағым көтерілсін.
Асыл сөзді теңдессіз батырым-ау,
Əділетсіздің арқанын кесер ісің.
Туылып өмір бағын араладың,
Ақын боп өнер жағын жағаладың,
Еңіреген елім деп есіл ерім,
Қорғадың сен халқыңды бағаладың.
Жарқылда ған майданда қылыштаиын,
Төзімді едің оқ өтпес қурыштаиын.
Тəні таза,жаны пəк болғандықтан,
Махшарда да оиламас еш уайым.
Ақынға арнап əрқашан жыр ұштаимыз.
Ата-баба дəстүрін біз ұстаимыз.
Ұшқыр ойлы,нар тулға Махамбеттеи,
Елардағын ешқашан Ұмытпаймыз.
Қалықтаған аспанда сұңқарымыз,
Жауға шапқан арғымақ,тұлпарымыз.
Ел-жұртына арнаған бар өмірін,
Махамбеттеи батырдың ұрпағымыз.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі