Қаңтар айы... «жарасат» деп сізге гүл
- 0
- 0
Қаңтар айы... «жарасат» деп сізге гүл,
Ақын інім гүл сыйладың көшеде.
Күлімсіреп шыға келді күз көңіл,
Сәл ұмытып толғандығын нешеге.
Бұл бетте «Мен сені ұнатамын!» атты Жамбыл Ахатов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қаңтар айы... «жарасат» деп сізге гүл,
Ақын інім гүл сыйладың көшеде.
Күлімсіреп шыға келді күз көңіл,
Сәл ұмытып толғандығын нешеге.
Сәл нәрседен әсер ап, елең еттім,
Өміріме алғандай бөлек екпін.
Қараңғыда жақындап жарығыңа,
Қанаттарын күйдірген көбелекпін.
Аңсайды құс көңілім әлде нені,
Бір сәтке тастап қашып, жан, денені.
Елегізем, бос қиял, үмітпенен,
Кеш батса, күліп тағы таң келеді.
Хабарлама
INFO
Таппак керек