Бәйтерек тамыры – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Бәйтерек тамыры» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1098
Сәл өткінші жаңбыр жуған
Сыланып бір сай мен сала,
Жалын жұта жаны нұрдан
Тұр балбырап балғын дала.
Жер – бәйтерек тамырына
Қуат беріп аспандатқан,
Жапырағын таң нұрына
Жайқалта гүл шашқан нарттан.
Ұқ, суретші, саяларсың
Түбіне осы бәйтеректің,
Ұқпасаң сен сала аларсың
Суретін дәл қай теректің?
Жайқалтқан зор бәйтеректі
Жер ананы алып деп біл,
Ұстап тұрған бар тірлікті
Сенің күшің халық деп біл!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері