"Үнсіздікті ұнату"
- 1
- 0
Табиғаттан жан едім салқын қанды,
Ұнатамын үнсіз қап, тартынғанды.
Жүректегі сезімді тұншықтырып,
Алыстатып аламын жақын жанды..
Бұл бетте «Анашым» атты Бүлдірген Аманкелді жазған ана туралы өлең берілген.
Табиғаттан жан едім салқын қанды,
Ұнатамын үнсіз қап, тартынғанды.
Жүректегі сезімді тұншықтырып,
Алыстатып аламын жақын жанды..
Сол ағаштар, сол дала өзгермеді,
Қай құдірет тап қылды сізге мені?
Суық күнде жүрекке жылу беріп,
Өзіңізбен махаббат күзде келді.
Білесің бе өмірдің қиындығын?
Сыйын бүгін, Аллаға сыйын күнім!
Мейірімді ол-сұрасаң кешіреді,
Көп болса да, күналар жиынтығын
Алтын балық дәметкен қармақтай
Бақытымды іздеп жүрмін бармақтай.
Адасамын, теңселемін сол жолда,
Жел ығымен жүре тұғын қаңбақтай.
Сен менің кеудемдегі тұмарымсың.
Жарық қылар жалғанды шырағымсың.
Өзгелергелерге ешқашан сәйкеспейтін,
Жүрегімнің жалғыз ғана сыңарысың.
Модератор
Егер авторы өзіңіз болсаңыз , - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар. Енгізгенде - авторы өзім -деген белгі бар, соны басу керек(жазудың үстін). Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз.
Aizhan201075
Ананың аяғының астында жұмақтың кілті бар деп бекерге айрылмаған керек.Өленің жақсы.
Aizhan201075
Ананың аяғының астында жұмақтың кілті бар деп бекерге айрылмаса керек. Өлеңде түпкі ой бар.
abuldirgen
Aizhan201075 рахмет