Білесің бе? – Ғайникамал Сәдуақасова

Бұл бетте «Білесің бе?» атты Ғайникамал Сәдуақасова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Білесің бе?
Білесің бе өмірдің қиындығын?
Сыйын бүгін, Аллаға сыйын күнім!
Мейірімді ол-сұрасаң кешіреді,
Көп болса да, күналар жиынтығын.

Күмән, күдік- сеніммен таласа ма?
Жаман ойлар жақсыға жараса ма?
Жауыздықтың жан досы серігі боп,
Түкпіріне жүректің жара салма!

Не болса, о болсын- мұңайма,
Ең бастысы сене біл- Құдайға.
Көтере алған соң береді,
Әйтпесе тектен-тек сынайма!

Көргенде өмірдің күресін,
Өзінді жақсырақ білесің.
Жасыған, жылаған шақтарды,
Еске алып бір күні күлерсің.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар