Мәңгілік тіл – Назерке Малдыбаева

Бұл бетте «Мәңгілік тіл» атты Назерке Малдыбаева жазған тіл туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Мәңгілік тіл
Мен қазақпын, тілім қазақ мәңгілік,
Ұмтылмаймын өзге тілге, мән беріп,
Қазағымның дана тілі тұрғанда
Ұнамайды әуенді тіл шетелдік!

Мейлі, мейлі, өзге тілдер әдемі,
Кім біледі, біздің тіл де қастерлі,
Өз анамның туған тілі тұрғанда
Керегі жоқ алпыс тілі әлемнің.

Осы тілмен анам мені тербеткен,
Әсем үнмен жанды баурап, бөлеген,
Сыңғыр-сыңғыр күлкісімен ерітіп
Мәпелетіп, әлпештеген, өсірген.

Асқар тауым - әкем сөйлейді бұл тілде,
Ақыл айтады қиналғанда мен күнде,
Жүрегіме көңілімен дем беріп
Күш-қуатпен бөліседі ертеңіме.

Қазақ тілі - анамның тілі, мәпелеген,
Қазақ тілі - әкемнің тілі, еркелеткен,
Қазақ тілі - менің тілім, мен өскен,
Қазақ тілі - менің тілім, мен сүйген!


Пікірлер (1)

Айдана

Жақсы керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мәңгілік тіл өлеңінің авторы кім?

Назерке Малдыбаева — осы өлеңнің авторы.

Мәңгілік тіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мәңгілік тіл өлеңі не туралы?

Бұл шығарма тіл туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Мәңгілік тіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар