Шарықтаған баға – Aizhan201075

Бұл бетте «Шарықтаған баға» атты Aizhan201075 жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Парақорлар көбейді,
Кім кінəлі демейді?
Жетіп жатса жалақы,
Тырналамас көмейді.

Барлық заттар қымбаттап,
Елімізді тым мақтап,
Шарықтатып бағаны,
Ойбайлатып барады.

Жоғарыда ағалар,
Елден бөлек даналар,
Бағаларды реттеп,
Кімдер осы қарады?

Қоқыстардан нан тауып,
Жүргендерді көз көрді.
Жетім, жесір сорлады,
Жақсылық па, не көрді?

Халқың жылап жатқанда,
(Пірің сенің атқан ба?)
Қарның тоқ боп сен жүрсің,
Шет елдерде, бақтарда.

Елді кімдер ойласын?
Өз қарының тойған соң.
Аш баламен тоқ бала,
Ойнамай да қойған соң.

Тоқтат енді бағаны,
Бүркітше самғап барады.
Халқын ойлар ерлерім,
Табылар сірə саналы.


Пікірлер (2)

Дана

Керемет!

Карина

Тамаша өлең!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шарықтаған баға өлеңінің авторы кім?

Aizhan201075 — осы өлеңнің авторы.

Шарықтаған баға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шарықтаған баға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Aizhan201075 өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шарықтаған баға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар