Осы бір «дерт» кеудеңді меңдемесе – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Осы бір «дерт» кеудеңді меңдемесе» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 669
Осы бір «дерт» кеудеңді меңдемесе,
Тәуір жігіт едің-ау сен де кеше.
Ермейтін-ақ сияқты ең ед сөзіне
Бермейтін-ақ сияқты ең пендеге есе...
Ағайынның
айнала бәріне ұнап,
Аңқылдаушы ең,
ағыңнан жарылып-ақ,
Бетің бар деп.
беделге қарамай-ақ
Айтарыңды айтушы ең анығырақ.
«Досың!» – десе ел, серпіліп,
сүйініп ем,
Табылушы ем қасыңнан жиі кілең.
Елеңдеуші ем естілсе асқақ үнің,
Көрем деуші ем өнердің биігінен!
Тай-құлындай тебісіп,
жан шаттана,
Сырымызды жүруші ек қанша ақтара,
Қолың жетті атқа да,
атаққа да,
Біреу күндей қарайтын мәнсапқа да.
Дос табылды дедің бе
Күндейтін де,
Суық тартып,
сұрланып нұр кейпің де,
Қарқылдап күлмейтін де болып алдың.
Болып алдың жарқылдап
жүрмейтін де.
Кемел де едің кезінде,
Кесек те едің
(Кесек пе деп, Өзіме дос еткемін!)
Енді келіп,
арбасқан дұшпан бардай,
Адымыңды әр басқан есептедің.
Енді есепсіз сөйлеуді күнә көрдің
(несі кетті,
білмедім,
бұған елдің?)
Ес тұтатын,
езіңді дос тұтатын,
Жолдастардан жырылып шыға бердің.
Енді бізді
ойың жоқ бір елемек,
Тымырайып тұрасың,
Түнере кеп,
Есігімді ашпайтын болып алдың,
Кесірі тиіп кетіп жүре ме деп...
Келе-келе...
Жоқ, тіпті көптен бері,
Кеудеңді осындай бір «дерт» меңдеді,
Мен де өзіңді енді-енді түсініппін,
Кісіліктің осы ма жеткен жері?
Осыншалық бүлініп,
Текке неге
Күйіп-пісе қалдым ба?
Өкпелеме,
Тағдыр шіркін, кісіге дәрежені –
Кісілікті ұмытсын деп бере ме?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Осы бір «дерт» кеудеңді меңдемесе өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Осы бір «дерт» кеудеңді меңдемесе өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Осы бір «дерт» кеудеңді меңдемесе өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Осы бір «дерт» кеудеңді меңдемесе өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері