Ой – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Ой» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3130
Жөні бөлек жолдағы әрбір қадамның.
Жөні бөлек тарихтағы қадамның.
Алғаш рет
Маймыл-ата басына
Ой келген күн —
Туған күні адамның.
Тап сол күні болған шығар той, сірә!
Қалған шығар біраз жеміс ойсырап.
Таба алды ма,
Таппады ма жауабын
Миға оралған сол алғашқы ой-сұрақ?!
Қандай ой ол?
Қандай пікір?
Неғайбыл.
Жұмбақ болып қалады ғой, ағай, бұл.
Дегенменен
Тұңғыш сұрақ — сол сұрақ,
Ең алғашқы Гамлет те — сол маймыл!
Қазір біздің жағдайымыз жақсырақ.
Қажымайды қиял деген ақ сұр ат.
Қалған, бірақ сол маймылдан біздерге
Қалың орман,
Қаптаған ой,
Көп сұрақ.
Көп сұрақты оңды-солды шашамын,
Желпілдетіп жауап жырдың шашағын.
Қуғанда да
Ойды ғана қуамын;
Қашқанда да
Ойдан ғана қашамын!
Содан талай басым қатып,
Дәрі іштім.
Айға қондым,
Жұлдыздардан әрі ұштым.
Ракета даңғылы емес,
Ой жолы —
Екі арасы қара Жер мен Ғарыштың!
Қандай ой ол?
Қандай пікір?
Неғайбыл.
Жұмбақ болып қалады ғой, ағай, бұл.
Дегенменен
Тұңғыш сұрақ — сол сұрақ,
Ең алғашқы Гамлет те — сол маймыл!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ой өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Ой өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ой өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ой өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері