Мәңгіліктің мұрасы – Ерлан Ахмет

Бұл бетте «Мәңгіліктің мұрасы» атты Ерлан Ахмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өмір барда өлім барын білгенмен,
қимайды екен бұл фәниді өр-кеудең.
Жолкөзері жер қойнына сіңгенмен,
көшті ілгері ақшомды бір күн-керуен.

Бекер жиып шашпақ үшін мал басын,
қашанғы адам өзін-өзі алдасын?!
Дүние – жалған,
Ғайып болар сағымдай,
ағатайым, біл дәнеме қалмасын.

Түгесілмес тіршіліктің михнаты,
нәпсі – жанның айықпас дерт, сырқаты.
Тәубе етемін, мәңгіліктің мұрасы –
ақындардың жазып кеткен жыр-хаты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері