Жырым қалар қасқайып – Ерлан Ахмет

Бұл бетте «Жырым қалар қасқайып» атты Ерлан Ахмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Асау толқын – менің албырт жастығым,
ақ маңдайын тасқа соғып, басылған.
Ақ шалыпты самайымды, рас бүгін,
ақ көбіктей жағалауда шашылған.

Бозбала сыр – айдын көлдің шалқары,
сұлулығы арнасынан артылған.
Азайыпты арманымның жауһары
қайран менің Аралымдай тартылған.

Жылдар өтіп, сұлулықтан әр тайған,
тұла бойдың күш-қуаты ортайған.
Мен өлсем де, жырым қалар қасқайып,
мың жасаған Алтайымдай қартайған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері