Менің таңым атады алдан күліп!
- 0
- 0
Сарқылмаған санамда сары үміт,
Үміттің де кей кезде жары күдік.
Өткен күндер артында із қалдырар.
Ертеңгі күн жасырар барын бүгіп.
Бұл бетте «Сағындым әке өзіңді» атты Бүлдірген Аманкелді жазған әке туралы өлең берілген.
Сарқылмаған санамда сары үміт,
Үміттің де кей кезде жары күдік.
Өткен күндер артында із қалдырар.
Ертеңгі күн жасырар барын бүгіп.
Сен болмасаң көп қуанып күлмес ем,
Сезімнің де не екенін білмес ем.
Сағынғанда іштен тынып, күрсініп,
Жанарыма бір тамшы жас ілмес ем.
Келеді әлі, тағы да қаңтар, ақпан,
Аппақ дала, аппақ түн, атар ақ таң.
Ақ қанатын жайғанда ақ ұлпалар,
Аппақ сезім еседі әр тараптан.
Иланам да өмірдің шын сөзіне,
Күнді өзгеге қиямын, түн өзіме.
Кір шалғанда көңілді жуып алып,
Таң атқанда кептірем күн көзіне.
Сыбырлап қана сөйлейін,
Сезімнің сырын тыңдатып.
Жүрекке үнім жеткенде,
Дегізіп: "Осы шын бақыт!"
Табиғатпен кешкілік үндесемін,
Қайтармайды көңілдің түн меселін.
Жұлдыз шығып, аспанға ай қонғанда,
Өзіңді ойлап тәп-тәтті мұң кешемін.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі