Шөл кемесі – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Шөл кемесі» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2856
Түйе, Түйе,
Иір мойын түйелер,
Сен ғылымсың бір арнаға жүйелер,
Ботаң өліп боз далада қайғы буған шағыңда,
Алпыс екі тамырыңды идіріпті күй өнер.
Жанар оты сағыныш боп маздаумен,
Орта жолда құздан құлай жаздаумен,
Орта жолда құздан құлай жаздаумен,
Мейлі Қырым, мейлі Қытай асырса,
Туған жерге оралыпсың боздаумен.
Саған артып өмір жайлы толғаған,
Үміт әнін, аттаныпты алға адам.
Әуе жолы, темір жолдар жоқ кезде,
Түйе жолдар ел мен елді жалғаған.
Жүк қалмаған көшкен, қонған беткейде,
(Керуендер сап түзеген өтпей ме?)
Мадақтаған саған сенген адамдар,
Түйе демей «шөл кемесі» деп кейде.
Санаспадың жақын жерің, қашығың.
Деген жоқсың: «қажыдым да жасыдым».
Расында:
Атыраудың тұңғыш мұнарасын да,
Арбаға сап тасыдың,
Енді менің дәлелім мол сүйенер,
Сен ғылымсың бір арнаға жүйелер.
Бүгін міне составтарға маңғаздана қарайсың.
(Дәуір жүгін бердің соған, жарайсың),
Түйе
Түйе
Иір мойын түйелер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шөл кемесі өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Шөл кемесі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шөл кемесі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шөл кемесі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері