Аяймын – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Аяймын» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1892
Алқа топта болмаған,
Есіп айтар нақылы.
Aшу тоқтар болмаған,
Кесіп айтар ақылы,
Аталарды аяймын.
Шырқыраумен жан-шыбын,
Сәл нәрседен үріккен.
Үркіп жүріп аңшының,
Қарауылына іліккен,
Еліктерді аяймын.
Өзгешелеу жалыны,
Бесік жырын ұқпаған.
Уілдеген бал үні,
Өз тілінде шықпаған,
Сәбилерді аяймын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аяймын өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Аяймын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аяймын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аяймын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері