Досқа – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Досқа» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 779
Достым, жастай өлеміз деп налыма,
Сатып алған жоқпыз ғой біз ғұмырды.
Өзімізше жасап, өзіміз тағы да
Өткізерміз өлшеулі өмір сүруді.
Өлшенбейді ұзақтығы өмірдің
Жыл санымен, жетуімен кәрілік,
Бәлкім бізге келсе өзі де өлімнің
Өшпейтұғын берер өмір мәңгілік!
Ант еттім мен аямасқа жанымды,
Сақтау үшін туған біздің елді өскен,
Жасың жүзге, жетсе дағы барыңды
Айтшы өзің, осы жолға бермес пе ен?!
Қуантады еліміздің күн сайын
Артып даңқы бірден-бірге жаңарған,
Шет жүрсек те сол данқ бізге күш жалын
Қоса түсед, елмен бірге жаралған.
Бас қорғап құр, шаппасам мен жауыма,
Мен бұқпақтап, өлім үстен секірсе,
Әйтіп сүрген өмір – өмір бола ма,
«Опасыз» деп ел бетіме түкірсе?
Тілемеймін, өйтіп аман қалуды,
Жүрек қорқып ерліктен бас алуды
Кісімін бе, елім өгей еткен соң,
Жерде менің татар дәмім біткен соң
Жоқ, қайғырма, достым, біздің ғұмырымыз,
Ел өмірінің кішкене бір ұшқыны,
Біз семсек те, сембес біздің гүліміз
Барған сайын арта түсер күн нұры.
Елімізді сүйгендікті ерлікпен
Көрсетелік өлсек – ерлік еліммен,
Біздің жастық жасымайтын ерлікпен
Даңқты да, күшті еді ғой әуелден!!
Бітсе ғұмыр, жастығымыз біздердің
Ізсіз сөнер деп ойлама, күйінбе!
Десін жастар, еске алғанда өздері:
Өлсе осылай арман не деп дүниеде.

28 Октябрь, 1943


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Досқа өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Досқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Досқа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Досқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері