Соқпай-ай соқ – Біржан сал Қожағұлұлы

Бұл бетте «Соқпай-ай соқ» атты Біржан сал Қожағұлұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1872
Мінезі жүйрік аттың соқпа-ай, соқпа,
Айтамын мен өлеңді осынау топқа,
Сөйлеп қал, қызыл тілім, өлмей тұрып,
Өмірің бір азырақ бар ма-ай, жоқ па?

Қайырмасы:

Хайрым-хайрым-хайрау-хайрау-хайрай.

Ал десе еркін жүйрік азғындаған,
Ақылға кейбір надан бағынбаған.
Жігіттік бойға таққан бір гауһар тас,
Қартайсаң қайта айналып тағылмаған.

Қайырмасы:

Хайрым-хайрым-хайрау-хайрау-хайрай.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері