Пар жектім – Біржан сал Қожағұлұлы

Бұл бетте «Пар жектім» атты Біржан сал Қожағұлұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1728
Пар жектім қос күреңді сүмеңдетіп,
Жеріңе уәғада еткен келдім жетіп.
Уәғадан, өткен айдың жүзінде еді,
Барады әлденеше күндер өтіп.
Қарағым, қарақаттай — көз жанарың,
Ерігіп жаңа келді сөз ажарың.
Жармеңке — жас уақыт өтіп кетіп,
Бұл күнде тоқталып тұр сол базарың.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері