Күлен-Маймаққа – Біржан сал Қожағұлұлы

Бұл бетте «Күлен-Маймаққа» атты Біржан сал Қожағұлұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2401
Сен өзің туғаныңнан маймақ едің,
Есіл бойын Көкшолақпен жайлап едің.
Қаңғырып Қызылжардың көшесінде
Қылжаңдап арақ ішкен парнақ едің.
— Атандың дәулет бітіп Күлен-Маймақ,
Жігіт болар, мінекей, осындай-ақ.
Жігітке бақыт бітсе, гүлденеді,
Кешегі қалыбыңа тартпа бірақ.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері