Алтын қызға

Бұл бетте «Алтын қызға» атты Біржан сал Қожағұлұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.03.2019
  • 0
  • 1
  • 3469
Алтынжан, сен де Керей, мен де Керей,
Ән салсам бүлкілдейді айыр көмей!
Алтынжан, домбыраңды маған берші,
Тағы да істеп берер арық Керей.
Алтынжан, домбыраңды сұрағаным,
Домбыраң маған тіпті ұнағанын.
Құбылтып неше түрлі әнге қоссам,
Қояр еді жас бала да жылағанын.
Алтынжан, домбарыңды берсең маған,
Риза боп жүрер едім мен де саған.
Дәм жазып бір жат елге бара қалсаң,
Еске алып, барып жүрер Біржан ағаң.


Пікірлер (1)

Елегенова Айнұр

Өлеңдерді оқығанда мәнерлі мәнді .

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алтын қызға өлеңінің авторы кім?

Біржан сал Қожағұлұлы — осы өлеңнің авторы.

Алтын қызға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алтын қызға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Біржан сал Қожағұлұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алтын қызға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері