Әйелі Әпішке айтқаны – Біржан сал Қожағұлұлы

Бұл бетте «Әйелі Әпішке айтқаны» атты Біржан сал Қожағұлұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2715
Үш жүзге бойың жеткен биік аршын,
Үш жүзден таңдап алған ғашық жарсың.
Именбей ақ төсіңнен аймалатшы,
Иіскеп шыбын жаным сая тапсын.
Жайлауы еліміздің — мидай дала,
Түріндей масатының күрең ала.
Ел кезіп, өз үйіме оралғанда,
Мұңдасым, көңіл ашар Әпіш қана.
Жылама енді, анасы, сен де бекер,
Біржанға уақыт жетті алыс кетер.
Артымда жастай қалған құлындарым,
Тірлікте әлі-ақ бір күн, өсіп жетер.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері