Желден де желгір ақбөкен – Махамбет Өтемісұлы

Бұл бетте «Желден де желгір ақбөкен» атты Махамбет Өтемісұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.03.2019
  • 0
  • 2
  • 10161
Желден де желгір ақбөкен
Озса да орғып көлденең,
Құралайына қарайлап,
Оққа ұшпай ма сол үшін?!
Ұялы бүркіт күн ұзын
Қалықтай самғар шөже үшін.
О да бір торға түспей ме
Шөжеге керек жем үшін?!
Дертке дауа іздеген,
Тірліктен үміт үзбеген
Сергелдең болар емі үшін.
Асыл туған арулар
Жанын пида етпей ме
Шын сүйіскен теңі үшін?!
Аттанған едім көп үшін
Көптің жинап мол күшін,
Дұшпанда кеткен сол көптің
Ежелден бергі кегі үшін.
Таршылық басқа түскенде,
Қапаланам мен - дағы
Қаумалаған қасымда
Қарындастың кемі үшін.
Арманы бар ма жігіттің –
Қапылыста тап берген
Тайталасса жауымен,
Туып, өскен жері үшін?!
Жал аулы найза қолға алып,
Қалық пандай қомданып,
Жау тоқтатып айқаста,
Құрбан болса елі үшін?!


Пікірлер (2)

Гуля

Әдемии

Гуля

Әдемии

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Желден де желгір ақбөкен өлеңінің авторы кім?

Махамбет Өтемісұлы — осы өлеңнің авторы.

Желден де желгір ақбөкен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Желден де желгір ақбөкен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Махамбет Өтемісұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Желден де желгір ақбөкен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері