Демократия, сен үшін – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Демократия, сен үшін» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.03.2019
  • 0
  • 3
  • 5872
Көресіңдер,
бөлінбейтін етемін мен құрлықты,
Бәрін жинап,
бұрын болып көрмеген
жасаймын халық бір мықты.
Керемет бір ел жасаймын,
арасынан қыл өтпес,
Ықыласынан тудырам
жолдастардың жүректес,
Мәңгілік махаббатынан тудырам,
жалғыз тілектес.
Ормандайын қаптатып, достық одақ егемін,
Жабады ол өзен-көлдерді,
Американың көлемін.
Қалаларды бөлуге көнбейтіндей етемін,
Тас түйін боп өзара құшақтасып кетеді.
Біріккен ниеттестердің
ықыластары ерлік мекені.
Зайыбым Демократия!
Осыны саған арнадым.
Қызметіңе әзірмін,
осы бір жырды ал, жаным.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (3)

Сара

Мұқағали Мақатаев
Демократия, сен үшін - мықты!!

Қайрат Ернар

Керемет

Қайрат Ернар

Өте керемет

Осы автордың басқа өлеңдері