Құм ішінде жалғыз қыстау – бір ауыл
Бұл бетте «Құм ішінде жалғыз қыстау – бір ауыл» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құм ішінде жалғыз қыстау – бір ауыл,
Бір ауылда бұйыққаның тым ауыр.
Сондай сәтте жалғыздық бір қинайды
Жалқы қалған адамдай-ақ туа бір.
Желкем соғып жел ызыңы естілмей,
Мал келмейді маңайға күн кешкірмей.
Құлан таза жүйткімейді бір сезім
Құмға омалып құлап қалған өскіндей.
Бұл тылсымға шыдар деуші ем, тас құрғыр,
Бордай тозып болыпты ол да босқа үңгір.
Құйқа тамыр шымырлатып, мұздатып,
Сай-сүйекті сырқыратып, сыздатып,
Ең болмаса, ұлыса екен қасқыр бір.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі