Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Сен жуырда өлесің

Бұл бетте «Сен жуырда өлесің» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.03.2019
  • 0
  • 1
  • 11546
Барлық жанның арасынан
сені ғана таңдаймын,
саған хабар арнаймын,
Сен жуырда өлесің,
басқалардай жағынып,
сені алдауға бармаймын,
Бетіңе айтам,
сүйем сені, алайда,
Сен өлесің,
Ешкім қорғай алмайды.
Міне,
менің алақаным,
маңдайыңа басылды.
Сен сезесің,
үндеместен ием келіп басымды,
Үн шығармай,
шын беріле,
отырамын қасыңда,
Мендей болмас сестра да,
туыс әкең, досың да.
Бәрінен де бездірем,
тек қалдырам жаның менен денеңді,
тұсауыңды талқандайсың,
мәңгі өлмейсің сен енді,
Сен емес ол, артта қалған өлігің —
Көң-қосығы сүйек пенен терінің.
Алмағайып,
Жарқ еткенде кенет Күн,
Жаның тыншып,
ойың тулап,
билеп кетті сені екпін.
Азапты, ауыр дидарыңды
күлкіменен кенелттің.
Сенің ауру екеніңді,
сен де, мен де ұмыттық,
сезінбейді не біреу,
Дәріні де байқамайсың,
толқытпайды достарың,
жылау-сықтау, еңіреу,
Тек білесің, мен біргемін сенімен.
Бәрін сенен аулақтаттым,
несін алған қайғыру,
Қайғыруға келген жоқпын,
Келдім сені құттықтап,
Кезінде үшін айрылу.


Пікірлер (1)

Бота

Мұқағали Мақатаевтың Сен жуырда өлесің өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен жуырда өлесің өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Сен жуырда өлесің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен жуырда өлесің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен жуырда өлесің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері